www.motk.kz

Ақтау қаласы, 7 шағын аудан
«Балбобек» СО
Анықтама телефоны:
8 (7292) 51-75-95

Фестивальдар

«АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ-УІ»- фестивалінен жүлдемен оралды!

1 1

Маңғыстау облыстық қуыршақ театры «Ассалаумағалейкум!» атты УІ-шы халықаралық  фестивальден жеңіспен оралды. Фестиваль Ақтөбе қаласында 20-23 қыркүйек аралығында өтті. Театр бұл үлкен жарысқа осымен екінші рет қатысып отыр.

     Фестивальге  Уфа қаласынан Башқұрт мемлекеттік қуыршақ театры «Гадкий утенок» (авторы В.Габдуллин) спектаклімен, Владимир облысының қуыршақ театры (Ресей) «Маугли» (авторы А.Ложкин) спектаклімен (онлайн), (Ресей) Бурят республикалық «Ульгер» қуыршақ театры, «Волшебная лампа Алладина» (онлайн) спектаклімен, Бішкек қаласынан  М.Жанғазиев атындағы  Қырғызстан мемлекеттік қуыршақ театры (авторы Н.Асанбеков) «Атадан қалған тұяқ» спектаклімен, Өзбекстан Республикасынан Ферғана облыстық қуыршақ театры  (авторы С.Седухин) «Музыкальная  чайхана» спектаклімен, Қостанай облыстық қуыршақ театры (Қазақстан) (авторы Ю.Семенова) «Ястребок» спектаклімен, Петропавловск қаласынан (Қазақстан) Солтүстік Қазақстан қуыршақ театры (авторы А.Максимычев и Г.Лайко) «Кошки-мышки» спектаклімен, Шымкент қалалық қуыршақ театры (М.Малдыбаеваның пьесасының желісі бойынша), «Асыл шөп» спектаклімен, Алматы қуыршақ театры (Қазақстан) (авторы А.Зайцев) «Абай. Впечатления» спектаклімен, Астана қалалық қуыршақ театры  (Қазақстан)  (авторы К.Ешмұратова) «Ер Төстік» спектаклімен, Ақтөбе облыстық «Алақай»  қуыршақ театры «Собака»(авторы А.Зайцев) спектаклімен, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық-драма театры «Ұр,тоқпақ» (авторы Е.Қабыл) спектаклімен, Маңғыстау облыстық қуыршақ театры (авторы Н.Насырова)  «Земля предков» («Бабалар жері») спектаклімен қатысты.  

       Бұл үлкен сайыста қазылар алқасының төрағасы, ресейлік театр  режиссері  әрі  продюсер, Ресей Федерациясы Театр Қайраткерлері одағының мүшесі, Санкт-Петербург қаласы әкімшілігі  Мәдениет комитетінің  мемлекеттік емес театрлар жөніндегі сараптамалық кеңесінің мүшесі UNIMA, AVIAMA, ENCATC мүшесі,  «KUKART» халықаралық фестивалінің президенті  және директоры Бурман Давид Семенович бастаған қазылар алқасының мүшелері: Башқұртстан  Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, театртанушы, театр сыншысы  Дина  Давлетшина, Астана қаласы,  М.Горький атындағы  Мемлекеттік Академиялық орыс драма театрының  бас режиссері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бекболат Парманов, педагог,  театртанушы Сәния Қабдиева,  қатысушы қуыршақ театрларының әр ұжымына әділ бағасын берді.  

        Маңғыстау облыстық қуыршақ театры сахналаған «Земля предков» ( «Бабалар жері»), (авторы әрі режиссері Н.Насырова) моноспектаклінде басты рөлді  «Мәдениет саласының үздігі» Ержан Биғашев ойнады. Спектакль ерекшелігі қазақ халқының ұлттық дәстүрі, салт-санасын, жас өскін бойына жас  кезінен сіңіріп, рухани әлемін дамытуға арналған. Спектакльдің сахналық безендірілуі мен көркемдік ерекшелігін қазаылар жоғары бағалады. Және фестивальдің  «Үздік актер» аталымын  облыстық қуыршақ театрының актеры Ержан Биғашев жеңіп алды. Жеңімпаздарға фестиваль дипломы мен ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

       «Ассалаумағалейкум-УІ» Халықаралық қуыршақ театрлар фестивалі қатысушыларына режиссер, өнер қайраткері Б.Парманов «Қуыршақ ойнау өнеріндегі актерлік шеберліктің  спецификалық  ерекшеліктері» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

       Ал, ең қуаныштысы, Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының ұжымы  2023 жылы Санкт-Петербург (Ресей) қаласында өтетін  Халықаралық «КУКАРТ» фестиваліне жолдама  алды.

1 21 21 2 1 21 2 1 21 2 1 21 2 1 21 2 1 21 2 1 21 2 1 21 2 1 21 2 1 2

Жарияланған күні: 27-09-2022


Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының Чебоксары қаласында (Чувашия,Ресей) өткен І Халықаралық «Карусель сказок»қуыршақ театрлары фестивалінің есебі.20-25 тамыз 2019ж.

icon

 Маңғыстау облыстық қуыршақ театры ұжымы Чебоксары қаласының 550 жылдық  мерейтойына  арналған, Чебоксары қаласында (Чувашия,Ресей) өткен І Халықаралық «Карусель сказок» қуыршақ  театрлары фестивалімен қатар өткен «Одиноковыми быть нам не обязательно» ерекше балаларға арналған қуыршақ театрлары  фестиваліне  қатысып  қайтты. 

Жарияланған күні: 03-09-2019  

Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының Кишинев қаласында(Молдова) өткен 10 Халықаралық «Под шапкой Гугуцэ» қуыршақ театрлары фестивальнің есебі.

icon

Маңғыстау облыстық қуыршақ  театры үстіміздегі  жылдың 15-22 сәуір  аралығында Кишинев  қаласында  (Молдова) өткен  10 Халықаралық «Под  шапкой  Гугуцэ»  қуыршақ  театрлары  фестивальна қатысып  келді. 

 
Жарияланған күні: 29-04-2019  
 
Маңғыстау облыстық қуыршақ театры Омск қаласында (Ресей) өткен Халықаралық «В гостях у Арлекина» қуыршақ театрлары фестиваліне қатысып келді.

icon

Маңғыстау облыстық қуыршақ театры ұжымы Омск қаласында(Ресей)өткен Халықаралық «В гостях у Арлекина» қуыршақ театрлары  фестиваліне қатысып келді .Бұл фестиваль Омск қаласында 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.Бұл фестивалдың  ұйымдастырушылары Омск облысының әкімшілігі,Омск облыстық мәдениет министрлігі,Омск мемлекеттік «Арлекин» қуыршақ театры. 

Жарияланған күні: 04-10-2017  


Бішкек (Қырғызстан)қаласында өткен Қырғыз еліндегі қуыршақ театрының негізін қалаушы Виктор Швембергтің 125 жылдық мерей тойына арналған 2 Халықаралық «Тақ-Теке» қуыршақ театрлары фестивалі.

icon

Маңғыстау  облыстық қуыршақ  театры 26-29 мамыр аралығында  Бішкек (Қырғызстан)қаласында өткен Қырғыз еліндегі қуыршақ  театрының негізін  қалаушы Виктор Швембергтің  125 жылдық  мерей тойына арналған 2 Халықаралық «Тақ-Теке» қуыршақ театрлары  фестиваліне  қатысып қайтты. 


Жарияланған күні: 15-06-2017 

 Маңғыстау облыстық қуыршақ театры 6-8 маусым аралығында 5 Халықаралық «ОРТЕКЕ» қуыршақ театрлары фестиваліне қатысып қайтты.

icon

Маңғыстау облыстық қуыршақ театры 6-8 маусым аралығында 5Халықаралық «ОРТЕКЕ» қуыршақ театрлары  фестиваліне  қатысып қайтты. 

Жарияланған күні: 14-06-2017  
Оқылған саны: 2284
 

35 жылдық мерейтойға жеңіс

icon

Жарияланған күні: 11-10-2016  
Оқылған саны: 1341
 

IV Халықаралық «Ортеке» қуыршақ театрлары фестивалі Қостанай қаласы 2015 жыл.

iconЖарияланған күні: 30-11-2015  

 

IV Халықаралық «Карнавал» қуыршақ театрлар фестивалі

iconЖарияланған күні: 01-10-2015  
 

 

 

 

Республикалық фестивальдар

iconЖарияланған күні: 11-11-2014