www.motk.kz

Ақтау қаласы, 7 шағын аудан
«Балбобек» СО
Анықтама телефоны:
8 (7292) 51-75-95

Маңғыстау облыстық қуыршақ театры ұжымы, «Сәуір айы-тазалық айы» деген қағиданы ұстанып, 3-ші сәуірден бастап, әр сенбіде тазалық жұмыстарын жүргізуде. Алдымен театр ғимараты шарбақ ішіндегі теректердің түбін қопсытып абаттандырумен айналысып , театрдың айналасын түгелдей тазалады.

 

Жөндеу жұмыстары жүргізілді

Облыстық қуыршақ театрына есептегі уақытта күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен 44788,8 мың теңге бөлініп, “РиГ строй” ЖШС мекемесі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39 Заңының талаптарына сай келуін бақылау және қадағалау тексерісінің орындалуын іске асыру мақсатында мүгедек жандардың театрға қолжетімдігін арттыру мақсатындағы жөндеу жұмыстарыда атқарылды.

ҚАПЕРІҢІЗГЕ БЕРЕМІЗ!!!

КОРОНОВИРУСТЕН АЛДЫН-АЛА САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ , БАРЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАР 2020 ЖЫЛДЫҢ 15 НАУРЫЗ МЕН 15 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА ТОҚТАТЫЛАДЫ!!!
Жарияланған күні: 17-03-2020

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу уақытында Астана қаласында өтетін өңірлердің Мәдениет күндерінің іс-шаралар

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу уақытында Астана қаласында өтетін өңірлердің Мәдениет күндерінің іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық қуыршақ театры режиссер Н.Насырованың «Айжан әженің ертегісі» атты қойылымы көрермендерге ұсынылды. Шара 15-18.08.2017ж. Астана қаласының қуыршақ театр залында өткізілді.

Аталған спектакль халықтық ертегілер желісінде қойылған реж.Н.Насырованың «Айжан әженің ертегісі» спектаклі. Бұл моно-спектакль. Спектакльде актриса «Мәдениет саласының үздігі» Бану Түстікбекова ойнайды.

Спектакльде кішкентай қозының басынан кешкен оқиғасы арқылы, балаларға казақтың киіз үйінде малдың жүнінен жасалатын тұрмысқа қажетті заттардың жасалу барысын көрсетеді.

11-14 сәуір аралығында Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының шығармашылық ұжымы Көкшетау қаласынa гастролдық сапарға шығады

11-14 сәуір аралығында Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының шығармашылық ұжымы гастролдық сапарда Көкшетау қаласының Ақмола орыс драма театрында «Айжан әжейдің ертегісі» спекткалін қала тұрғындарына көрсетеді.

Біздің ұжымның Көкшетау қаласына екінші рет сапары. Бұл екі театр арасындағы тәжірбие алмасу гастролы.Қыркүйік айында Ақмола орыс драма театры Ақтау қаласына келмек

Жарияланған күні: 07-04-2017

Маңғыстау облыстық қуыршақ театрында қайырымдылық шарасы өткізіледi

Үстіміздегі жылдың 10 сәуір күні Маңғыстау облыстық қуыршақ театрында Маңғыстау облысы әкімі бастамасы бойынша қайырымдылық шарасы өткізіледі.

Бұл күні театр ұжымы «Оңалту орталығы» мен «Көру қаблеті нашар балаларға арналған балабақша» балаларына арналған «Қазақстан-ортақ үйіміз» спектакльі көрсетіледі. « Балалар ауылы» бүлдіршіндеріне «Қош келдің, Наурыз!» интермедиясы ұсынылып,ол жерде қазақтың ұлттық ойындары мен ұлттық билерінің куәсі болады.

Жарияланған күні: 07-04-2017

Сенбілік

25 наурызда Маңғыстау  облыстық  қуыршақ  театры  көктемнің алғашқы сенбілігін өткізді.Театрдың  ішкі және сыртқы ғимаратында   толықтай  тазалық жұмыстары  жүргізіліп, театр  ауласына гүлдер отырғызылды.

Бізге 35 жыл!!!

Құрметті Маңғыстау облыстық қуыршақ театры ұжымы 35 жылдық мерей тойларыңызбен шын жүректен құттыктаймыз!!!

Сіздерге шығармашылық табыстар, үлкен жеңістер, жаңа қойылымдармен көрермендеріңіздің ыстық ықыласын тілейміз!

Жарияланған күні: 06-01-2016

 

Қуыршақ театры ұжымы Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде болды

Ағымдағы жылдың 3-ші желтоқсан күні қуыршақ театры ұжымы Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, алған әсерлерімен бөлісті.

1 бет. Барлығы: 4