ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу уақытында Астана қаласында өтетін өңірлердің Мәдениет күндерінің іс-шаралар
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу уақытында Астана қаласында өтетін өңірлердің Мәдениет күндерінің іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық қуыршақ театры режиссер Н.Насырованың «Айжан әженің ертегісі» атты қойылымы көрермендерге ұсынылды. Шара 15-18.08.2017ж. Астана қаласының қуыршақ театр залында өткізілді.
Аталған спектакль халықтық ертегілер желісінде қойылған реж.Н.Насырованың «Айжан әженің ертегісі» спектаклі. Бұл моно-спектакль. Спектакльде актриса «Мәдениет саласының үздігі» Бану Түстікбекова ойнайды.
Спектакльде кішкентай қозының басынан кешкен оқиғасы арқылы, балаларға казақтың киіз үйінде малдың жүнінен жасалатын тұрмысқа қажетті заттардың жасалу барысын көрсетеді.