www.motk.kz

Ақтау қаласы, 7 шағын аудан
«Балбобек» СО
Анықтама телефоны:
8 (7292) 51-75-95

«Маңғыстау облыстық қуыршақ театры» директоры

 

 

Қазақстан Републикасы
Маңғыстау облысы

1. Тегі, аты, әкесінің аты: Атакеева Фарида Момбекқызы
2. Қызметі, жұмыс не қызмет орны:  «Маңғыстау облыстық қуыршақ театры»  директоры
3. Жынысы: әйел 
4. Туған жылы мен туған жері: 1969 жыл, Оңтүстүк Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жамбыл селосы.
5. Ұлты: қазақ
6. Білімі: жоғары
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ.
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен
наградталған және наградталған уақыты: 1988 жылдан ҚР-сы театр қайраткерлері одағының мүшесі
Қазақстан Республикасының президентінің  «Алғыс хат» 2001 жыл 
2011 жылы Қазақстанның «Үздік адамдары» энциклопедиясының төс белгісімен марапатталған.
2013 жылы Маңғыстау облысының 40 жылдық мерейтойлық медальімен марапатталған.
2013 жылы ҚР Мәдениет саласының үздігі атағы берілді.
2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойлық медальімен марапатталған.
2018 жылы Ақтау қаласының 55 жылдық мерейтойлық медальімен марапатталған.
9. Мекен жайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 28 шағын аудан, 21 үй
10. Жалпы жұмыс өтілі: 35 жыл
11. Саладағы жұмыс өтілі: 35 жыл
12. Осы  еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 35 жыл
13. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме:
Атакеева Фарида Момбекқызы 1969 жылы ақпан айының 12-сі дүниеге келген. 1986-88 аралығында Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк студиясының актер бөлімінде оқыған.   Еңбек жолын 1988-2001 жылдар аралығында облыстық қуыршақ  театрында актриса қызметін атқарумен бастаған. 1995-1997 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы театр және өнер академиясын үздік бітірген. Осы уақыт аралығанда театрда режиссердің әдебиет бөлімі меңгерушісі қызметін қоса атқарып келді.  2001-2003 жылдар аралығында өзі қызмет ететін облыстық қуыршақ театрының  директоры  болып тағайындалды. 2003-2006 жылдар аралығында Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының директоры орынбасары қызметін атқарды. 2006 жылдан бері  облыстық қуыршақ театрының директоры.
Өзі қызмет жасаған тұста төмендегідей фестивалдар мен  конкурстарға театр ұжымының қатысуына ықпал етті.
Қызметінде өзіне және өзге ұжымдастарына үлкен жауапкершілікпен талап қоя білетін басшы. ҚР-сы Мәдениет саласының үздігі, ҚР-ның үздік адамдары төс белгісі иегері Атакеева Ф.М. басшылық еткен 2002-2021 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық қуыршақ театры Дүние жүзілік аренаға шықты, Европаның, ТМД – ның бірқатар мемлекеттерінің қуыршақ театрларыменен тығыз шығармашылық байланыс орнатып қазақ қуыршақ өнерінің дамуына шексіз үлесін қосып келеді. Мәселен, өзі басшылық жасаған тұста театр ұжымы 31 мәрте Халықаралық және республикалық қуыршақ театрлары фестивальдеріне қатысып одан 42 әр-түрлі дәрежедегі номинациялар иемденген. Украинаның Львов, Виница қалалары, Болгария, Ресейдің Москва, Астрахань, Чебоксары қалаларында, Молдованың Кишинев қаласында, Түркменстан республикасының Ашхабад қаласында, Татарстан, Өзбекстан, Қырғызстан республикаларында бірнеше рет халықаралық додаларда бақ сынасты.
Мысалы, айтар болсақ ұжым бес мәрте «Үздік режиссура» номинациясын, алты мәрте «Үздік актер», «Салт-дәстүрді насихаттау» номинациясын, «Үздік сценография», «Үздік менеджер» номинацияларын бірнеше рет иемденген. 2014 ж. Молдованың Кишинев қаласында өткен Халықаралық "Гугуце" қуыршақ театрлар фестивальінде үш бірдей номинацияны қанжығасына байлады. Атап айтсақ "Үздік  менеджер", "Үздік режиссерлік жұмыс",  "Үздік ер адам ролі" номинациялары. Фестивальдің қорытындысы бойынша Ф.Атакеева "Үздік  менеджер" номинациясына иемденді.
2019 ж. Молдова республикасының Кишинев қаласында өткен қуыршақ театрлары фестивальінде халықаралық сыншылардың шешімімен Фестиваль төрағасы, актер, режиссер, университет тәлімгері, өнертанушы, «История театра анимации в Румынии» шығарылымының авторы Тома Ходжя Маңғыстау облыстық қуыршақ театрына жоғары баға берді. Өнер майталмандары бас қосқан жиында театр директоры Фарида Атакееваға «Үздік менеджер» номинациясына екыншы рет лайықты деп танылып фестивальдің дипломы табыс етілді. Фестивальдің «Үздік менеджері» номинациясын иемденді. Сонымен қатар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше рет облыс әкімінің алғыс хатымен, 2009жылы “Нұр Отан” халықтық партиясының алғыс хатымен 2008жылы Мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен  марапатталған.
Театрдың  дамуына  аянбай еңбек етіп келе жатқан білікті маман.  Театр саласы бойынша халқымыздың үлкен мәдени мұра дәстүрлерін Халықаралық деңгейде насихаттау және оны іздестіру жолында еңбек етіп келеді.
1988 жылдан бастап Театр қайраткерлері  одағының мүшелігіне енгізілген.
2002 жылы - І-ші Республикалық қуыршақ театрлары фестивалінде  Алматы қаласы. Ұжым “Ең үздік дебют” және “Ең үздік әнші қуыршақ” номинацияларын иемденді.
2007 жылы - “Золотой телесик” Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің дипломанты. Львов қаласы Украина.
2007жылы – І-ші “Ортеке” Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде Мәдениет министрінің “Алғыс хаты” және  Облыс әкімінің арнайы сыйлығы.
2008 жылы – Халықаралық қуыршақ театры фестивалі “Каспийский берег” “Ең үздік музыкамен көркемдеу” және “Үздік дәстүрді жалғастыру” номинациялары. Астрахань қаласы.
2010 жылы – “Каспийский берег” Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі. “Ең үздік актер” және “Үздік дәстүрді жалғастыру” номинациялары.  Астрахань қаласы.
2010 жылы – Мемлекеттік қуыршақ театрының мерейтойына арналған фестивалі. Алматы қаласы.
2011 жылы – “Подильська лялька” “Ең үздік адам ролі” номинациясы. Винница қаласы, Украина.
2012 ж. Туркіменстан . Ашхабад қаласы Халықаралық фестиваль "Бір жарым уыс" спектакілі Түркіменстан Президенті дипломымен марапатталды.
2013ж. Астана 3- халықаралық фестиваль "Ортеке" "Сұрмерген" спектакілі, " Ең үздік режиссерлік" және "Ең үздік сценаграфия"
2015 ж. Алматы каласы  "Карнавал" Халықаралық фестивалі спектакль "Дала желі не дейді",  "Ең үздік актер" және фестиваль дипломы.
2015ж. Қостанай қаласы "Ортеке" спектакль "Дала желі не дейді", "Ең үздік режиссерлік жұмыс" номинациясы және Мәдениет және спорт Министірлігінің Алғыс хаты.
2016 ж. Россия (Астрахань) Халықаралық фестиваль спектакль "Дала желі не дейді" "Ең үздік ер адам ролі" номинациясы, "Ұлыттық дәстүрді сақтау" және "Балалар жюриі сыйлығы".
2016ж. Қырғыстан (Бішкек) Халықаралық фестиваль "Так-теке" спектакль "Айжан әженің ертегісі",  «Көшпенді халықтар салт дәстүрін сақтау және ұтымды пайдалану»  және Қырғыстан Мәдениет министірлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
2017ж. Шымкент қаласы  Халықаралық фестиваль "Маңғыстау аңыздары"  («Ақшора мен Белтұран»)  Оңтүстік Қазахстан Акімінің арнайы силығы "Үздік профессионализім үшін".
2018 ж. Россия (Москва) Халықаралық фестиваль "Театр кукол без границ" спектакль "Айжан әженің ертегісі" "Кішкентай көрермендерге және жанұялық ең үздік қойылым " номинациясы.
2018 ж. Россия (Астрахан) Халықаралық фестиваль "Каспийский берег" спектакль  "Айжан әженің ертегісі", "Ең үздік әйел ролі" және "Ең үздік сценография" номинациясы.
2019 ж. Чувашия Республикасының Чебоксары қаласында өткен Халықаралық «Карусель сказок» қуыршақ театр фестивальінде «Күнше» спектаклі үшін арнайы дипломымен марапатталды.
2019 ж. Молдова республикасының Кишинев қаласында өткен қуыршақ театрлары фестивальінде халықаралық сыншылардың шешімімен Фестиваль төрағасы, актер, режиссер, университет тәлімгері, өнертанушы, «История театра анимации в Румынии» шығарылымының авторы Тома Ходжя Маңғыстау облыстық қуыршақ театрына жоғары баға берді. Өнер майталмандары бас қосқан жиында театр директоры Фарида Атакееваға «Үздік менеджер» номинациясына лайықты деп тапты. Және фестивальдің дипломы табыс етілді. Атакеева Ф.М. фестивальдің «Үздік менеджері» номинациясын иемденді.
2020 ж. Болгария Бургс қаласында өткен онлайн «Театр-Фест-2020» Халықаралық қуыршақ театрлар фестивальінде Н.Насырованың «Сұрмерген» спектаклімен қатысты. Фестивальдің нәтижесінде «Үздік қуыршақ театры спектаклі» номинациясын яғни ІІ орын иеленді.
Сонымен қатар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше рет облыс әкімінің алғыс хатымен, 2009жылы “Нұр Отан”  халықтық партиясының алғыс хатымен 2008жылы Мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен  марапатталған.
1988 жылдан бастап Театр қайраткерлері  одағының мүшелігіне енгізілген.
2019 жылдан бастап театр Ассоциациясы мүшесі.

   

Директордың орынбасары

Құлмағамбетова Жаннат Сәтижанқызы

Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.
2006 жылы "Республикамыздың өнері мен мәдениетінің дамуына үлес қосқаны үшін" Мәдениет Министрінің  "Құрмет" грамотасымен  марапатталған.
2009 жылы "Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының мемлекеттік мекемесінде адал қызмет еткені үшін" Құрмет грамотасымен марапатталған.
2013 жылы - Маңғыстау облысының 40жылдық мерей тойына арналған  медаль иегері.