01-06-2019

1 маусым күні театрда АҚ «Қаражанбасмұнай» және «Қазақтелеком» мекемелері балаларына «Бақытты балалақ шақ» асфальтта сурет салу конкурсын өткізді

1 маусым күні театрда  АҚ «Қаражанбасмұнай» және «Қазақтелеком» мекемелері балаларына «Бақытты балалақ шақ» асфальтта  сурет салу  конкурсын өткізіп, «Айна артындағы  оқиға» интермедиясы мен «Сиқырлы  сандық» спекталін  көрсетті. 

30-05-2019

Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының 1маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілген шаралар.

30 маусым  күні  Маңғыстау облыстық қуыршақ театры Маңғыстау облысы Халқы Ассамблеясымен  бірігіп 1маусым –Халықаралық балаларды қорғау  күніне  орай «Достық Үйі»  ғимаратында  Н.Насырованың «Сиқырлы  сандық» спектаклі мен «Достық караваны» интермедиясын көрсетсе, 1 маусым күні театрда  АҚ «Қаражанбасмұнай» және «Қазақтелеком» мекемелері балаларына «Бақытты балалақ шақ» асфальтта  сурет салу  конкурсын өткізіп, «Айна артындағы  оқиға» интермедиясы мен «Сиқырлы  сандық» спекталін  көрсетті. 

28-03-2019

Халықаралық театр күні

Маңғыстау облыстық қуыршақ театры 27 наурыз  Халықаралық театр күнін ерекше  атап өтті. 

12-03-2019

«Көнеден жеткен Әз - Наурыз»

2019 жыл 12 наурыздан бастап Манғыстау облыстық қуыршақ театрында «Көнеден жеткен Әз ь- Наурыз» атты театырланған мерекелік шара өтуде 

20-12-2018

ІХ - Республикалық конкурс «Тәуелсіздік толғауы»

Қазақстан Республикасының  Мәдениет  және  Спорт Министрлігі  Астана қаласында ұйымдастырған «Тәуелсіздік толғауы» атты ІХ  - Республикалық конкурс. 

 

 

Вы можете приобрести билеты онлайн



Театр актерлері

Ерсімбекова Әйкерім Ерсімбекқызы

icon

03.02.1993т.ж.

2012-2016жж. –  Астана қ. Қазақ ұлттық Өнер университетінде оқыды,  

Бөлімі – Әртістік өнер: Қуыршақ театрының әртісі.


Сәлімбаев Әбілхайыр Серікұлы

icon

14.02.1993т.ж.

2012-2016гг. - Астана қ. Қазақ ұлттық Өнер университетінде оқыды,

Бөлімі – Әртістік өнер: Қуыршақ театрының әртісі.  


Шайық Таңат Сіргеліұлы

icon

 13.10.1978т.ж.

1999-2003 ж.ж.- Т.Жургенов атындағы театр және  кино академиясының, музыкалық драма театрының актеры бөлімін бітірген.

2003-2013 ж.ж. - Маңғыстау облысының Жантурин атындағы музыкалық-драма театрында актерлық қызмет атқарды.

2016 ж. - Маңғыстау облыстық қуыршақ театрында актерлык  қызмет  атқарады. 


Бигашев Ержан Әукенұлы

icon

Бигашев Ержан Әукенұлы

17.05.1984 т.ж

 Т.Жургенов атындағы театр және кино академиясының қуыршақ театры актеры мамандығын бітірді.

2010ж. – Каспий өңірінің  Мемлекеттері арасында өткен  “Каспийский берег” Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі, Астрахань қаласы “Бір жарым уыс” спектаклі.  “Ең үздік ер адам ролі” номинациясы. 


Абельдаева Нұргүл Савитқызы

icon

Абельдаева Нұргүл Савитқызы

25.02.1968 т.ж

1985ж-Астрахань мәдениет училищесі,клуб қызметкері маманы.

1994-1996ж.ж. Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтының  драма және кино актеры бөлімін сырттай  бітірген.

1998-2001ж.ж Орталық-Азия университетінің юриспруденция факультетін бітірген.

1991жылдан Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының режиссердың ассисенті болып жұмыс жасап,1994 бастап актрисалық қызметін атқаруда. 


Түстүкбекова Бану Ахметжанқызы

icon

Түстүкбекова Бану  Ахметжанқызы

25.12.1967 т.ж

1987-1991 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтының  «қуыршақ театры актер» мамандығын бітірген.

1991жылдан бері Маңғыстау облыстық қуыршақ театры актрисасы қызметін атқаруда.

2001ж-Алматы қаласында өткен  Халықаралық қуыршақ театрлары фестивальінде  «Үздік әнші қуыршақ»  номинациясын жеңіп алды.

2013 жыл - Маңғыстау обылысының 40жылдық мерей тойына арналған  медаль иегері.

2013- «Қуыршақ театрына адал қызмет еткені үшін» дипломы. III Халықаралық  «Ортеке» қуыршақ театрлар фестивальі. Астана қаласы. «Сұрмерген» спектакльі 


Айтеманова Айгүл Айтпекқызы

icon

Айтеманова Айгүл Айтпекқызы

24.05.1977 т.ж

1994-1997ж.ж-Ж.Елебеков атындағы эстрадалық-цирк училищесінің қуыршақ театры актрисасы мамандығын бітірді.

1997жылдан Маңғыстау облыстық қуыршақ театрында актрисалық қызмет етеді.

2010ж-Маңғыстау облысының «Үздік жыл актрисасы» номинациясына ие болды.  


Тағайбек Ақерке Еркінқызы

icon

Туылған күні: 07.03.1996 жыл

Тағайбек Ақерке 2015 жылдан бері ҚазҰӨУ-де оқуда, бөлімі - қуыршақ театры актері, 4 курс.

18.09.2018 жылдан бастап Маңғыстау облысы қуыршақ театрында жұмыс жасайды, актриса қызметінде