01-06-2019

1 маусым күні театрда АҚ «Қаражанбасмұнай» және «Қазақтелеком» мекемелері балаларына «Бақытты балалақ шақ» асфальтта сурет салу конкурсын өткізді

1 маусым күні театрда  АҚ «Қаражанбасмұнай» және «Қазақтелеком» мекемелері балаларына «Бақытты балалақ шақ» асфальтта  сурет салу  конкурсын өткізіп, «Айна артындағы  оқиға» интермедиясы мен «Сиқырлы  сандық» спекталін  көрсетті. 

30-05-2019

Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының 1маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілген шаралар.

30 маусым  күні  Маңғыстау облыстық қуыршақ театры Маңғыстау облысы Халқы Ассамблеясымен  бірігіп 1маусым –Халықаралық балаларды қорғау  күніне  орай «Достық Үйі»  ғимаратында  Н.Насырованың «Сиқырлы  сандық» спектаклі мен «Достық караваны» интермедиясын көрсетсе, 1 маусым күні театрда  АҚ «Қаражанбасмұнай» және «Қазақтелеком» мекемелері балаларына «Бақытты балалақ шақ» асфальтта  сурет салу  конкурсын өткізіп, «Айна артындағы  оқиға» интермедиясы мен «Сиқырлы  сандық» спекталін  көрсетті. 

28-03-2019

Халықаралық театр күні

Маңғыстау облыстық қуыршақ театры 27 наурыз  Халықаралық театр күнін ерекше  атап өтті. 

12-03-2019

«Көнеден жеткен Әз - Наурыз»

2019 жыл 12 наурыздан бастап Манғыстау облыстық қуыршақ театрында «Көнеден жеткен Әз ь- Наурыз» атты театырланған мерекелік шара өтуде 

20-12-2018

ІХ - Республикалық конкурс «Тәуелсіздік толғауы»

Қазақстан Республикасының  Мәдениет  және  Спорт Министрлігі  Астана қаласында ұйымдастырған «Тәуелсіздік толғауы» атты ІХ  - Республикалық конкурс. 

 

 

Вы можете приобрести билеты онлайн



Театр тарихы

6 қантар 2016 жылы Маңғыстауда облыстық қуыршақ театрына 35 жыл толды. Өнер ордасы Қазақстанда ашылған екінші қуыршақ театры болып есептеледі.

Жылдан-жылға қанат жайып, қарыштап дамыған түлеген түбек тұрғындары үшін бұл ерекше жаңалық болды. Әсіресе, түбектің кішкентай тұрғындары айрықша қуанды.

Ал, осынау қуаныштың өмірге келуіне басты себепкер болған Дәметкен Орынбаева болатын.

Театрдың тұңғыш директоры Николай Манохин театрға бөлінген клубтың тарлығынан көп қиындық көрді. Арнайы жабдықталған сахнаның, фойенің, көркемдік цехтарды орналастыратын орындардың болмауы – бұл мәселенің бір жағы ғана еді. Басты мәселе – әрине, кадр ғой қашанда. Ол кезде Қазақстанда қуыршақ театрларының кәсіби мамандарын даярлайтын база болмағаны белгілі. Сондықтан, театрдың алғашқы труппасын Кеңес Одағының түпкір-түпкірінен арнайы жолдамамен келген жас мамандар құрады. Атап айтқанда, Ярославльден – Ю.Семенченко, Тюменнен –Н.Насырова, Е.Смирнова, А.Загретдинова, Саратовтан – Л.Суханова, Л.Артеменко, Нижний Новгордтан – Г.Иванов және т.б. келді. Жас труппаны Ленинград театр, музыка және кинематография институтының түлектері: режиссер О.Карнер мен бас суретші В.Фомичев басқарды.

1981 жылдың 6 қаңтарында театр тұсауы В.Катаевтың пьесасы бойынша қойылған «Цветик -семицветик» спектаклімен кесілді. Келесі  жылы «Жігер» жастар шығармашылық фестивалінің дипломанты атанды.

Атап өтерлігі, облыстағы жалғыз кәсіби театр болғандықтан, тек балалар емес, жасы үлкен көрермендерге арналған қойылымдар қойған кездері болды. 1981 жылы И.Штоктың пьесасы бойынша «Божественная комедия», 1984 жылы В.Сатаевтың пьесасы бойынша Т.Шевченконың Маңғыстаудағы өмірін бейнелеген «В степи безлюдной и глухой» атты спектаклі көрермендердің  ризашылығына ие болды.

1988 жылы театрда қазақ труппасы ашылды. Бұл мақсатты орындау үшін Алматы эстрада-цирк училищесінің түлектері: Е.Қауынбаев, Ф.Атакеева, М.Көккөзов, Т.Жүргенов атындағы театр келді.Қазақ тіліндегі тұңғыш қойылым режиссер А.Окуньковтың режиссерлігімен сахналанған Е.Қауынбаевтың «Алдар Көсе хикаясы» болды. «Әп» дегеннен-ақ бұл қойылым 1989 жылы Шымкентте өткен ІІ Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалінде лауреат атанды. Мамандар тарапынан ұлттық тамыры терең спектакль ретінде танылып, «Үздік режиссерлік жұмыс» және «Үздік ер адам рөлі» аталымын жеңіп алды.

35 жыл ішінде театр Қазақстанның барлық аймағын аралады. Сонымен қатар, көршілес Түрікменстан, Қарақалпақстан, Украина, Молдова, Ресей елдерінде өнер көрсетті.

Театр әртістері үшін басқа театрлардың режиссерлерімен жұмыс жасап, олардың шығармашылық қолтаңбасын сезіну де маңызды. Бұл олардың біліктілігін арттырып, кішкентай көрермендерімізге көркемдік-эстетикалық, моральдық-этикалық деңгейі  анағұрлым жоғары шығармаларды көруге мүмкіндік берері сөзсіз

Ал, бүгінгі таңда театр тізгіні – қазақ труппасының ашылуына еңбек сіңірген театрдың ардагер әртісі, «Мәдениет саласының үздігі» Фарида Атакееваның қолында.

Сонымен қатар, кәсіби жас труппаның бас режиссері театрымыздың алғашқы қалаушыларының бірі « Құрмет »  орденының иегері Надежда Насырова.

Әрине, қандай да бір шаруа өз ісіне шын берілген адал жандарсыз бітпейтіні бесенеден белгілі. Бұл тұрғыда театрға өмірін арнаған театрдың ардагер әртістер Б. Тустукбекова, А. Айтеманова,  Е. Бигашов, Н. Абельдаева, режиссердің музыка жөніндегі ассистенті А.Попов, бақылаушы К.Тобықбаева, реквизитор Н.Бикееваны және т.б. мақтанышпен  атауға болады. 

1-ый Фестиваль, Костанай  

 

Коллективный портрет

 

Мы и Веселов

Андрей Окуньков 

Аленушка и солдат 

 

Аленушка и солдат 

 

Божественная комедия

 

Божественная комедия 

 

Мы играем в Айболита

Фестиваль Жигер, 1981г

Костинский шашу

Костинский шашу

Куклы смеются и плачут

Куклы смеются и плачут

Куклы смеются и плачут

 

Сказ о попе
и работнике его Балде

 

Сказ о 
мальчише Кибальчише

Новогодняя компания. 
Спектакль Бука

 

Новогодняя интермедия 

 

Новогодняя интермедия 

 

Новогодняя интермедия   


Оқылған саны: 2038