Маңғыстау облыстық қуыршақ театры ұжымы, «Сәуір айы-тазалық айы» деген қағиданы ұстанып, 3-ші сәуірден бастап, әр сенбіде тазалық жұмыстарын жүргізуде. Алдымен театр ғимараты шарбақ ішіндегі теректердің түбін қопсытып абаттандырумен айналысып , театрдың айналасын түгелдей тазалады.