www.motk.kz

Ақтау қаласы, 7 шағын аудан
«Балбобек» СО
Анықтама телефоны:
8 (7292) 51-75-95

Кезекті сенбілік

8 сәуір  күні театрымызда  кезекті сенбілік  өткізіліп, ағаштар  әктеліп, шарбақтар  боялды. 

 

Халықаралық театр күні

27 наурыз Халықаралық театр күніне орай Маңғыстау облыстық қуыршақ театрында мерекелік шара өткізілді.

22 наурыз Ұлыстың Ұлы күніне арналған Ақтау қаласында өткізілген мәдени-көпшілік шараларында, қуыршақ театры ұжымы «Көшпенділер» атты театрландырылған шеруге қатысып өз үлестерін қосты.

Құрметті әріптестер!

Біз, Сіздерді Халықаралық қуыршақ театрлар күнімен құттықтаймыз!

Сіздер, өмірдегі кез-келген заттың өзіне жан бітіріп, ғажайыптар мен сиқырдан құралған адам өміріне ұмытылмас ертегі сыйлайсыздар!

Сіздерге шабыт, шығармашылық табыс, жаңа идеялар, керемет спектакльдер мен көрермендер ықыласын тілейміз!

 Жарияланған күні: 18-03-2017

Көктің тынысын тыңдап,жердің тамырын басқан,тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз, жаңару мен жасампаздықтықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болып бағаланған, Әз Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктермен молшылық пен татулық әкелсін! Ел тыныш, жұртымыз аман болсын!

Жарияланған күні: 14-03-2017

Маңғыстау облыстық қуыршақ театры ұжымы Наурыз мерекесіне арналған бағдарламасын ұсынуда

Маңғыстау облыстық қуыршақ театры ұжымы, үстіміздегі жылдың 14 наурызынан бастап өзінің кішкентай көрермендеріне арнап «Қош келдің,Наурыз!» атты мерекелік бағдарламасын ұсынуда.

«Астана экспо 2017» қарсаңына орай мәдениет мекемелері қызметкерлері арасында өткізілген футбол

2-3наурыз аралығында Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Астана экспо 2017» қарсаңына орай мәдениет мекемелері қызметкерлері арасында өткізілген футбол жарысынан Маңғыстау облыстық қуыршақ театры командасы 1ші орынды жеңіп алды.

Театр ұжымы мектеп-лицейдің бастауыш сынып оқушыларына қайырымдылық шарасын ұсынды

icon

1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай театр ұжымы, Н.Марабаев атындағы 7мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушыларына қайырымдылық шарасы ретінде ,үш Халықаралық фестивальдардан; 2015ж-Халықаралық «Карнавал» фестивалы(Алматы қ.) «Үздік актер»; 2015 ж.Халықаралық «Ортеке» фестиавалы (Қостанай қ.) «Үздік режиссерлық жұмыс» ;2016ж.Халықаралық «Каспийский берег»(Астрахань қ.Ресей) «Үздік ер адам ролі», «Балалар әділ қазылар алқасы жүлдесі», «Салт дәстүрді сақтау және дамыту» номинацияларын жеңіп алған« Дала желі не дейді» спектакльінің көрсетілімін ұсынды.

Қош келдің, Наурыз!

icon

27ші ақпан мен 9наурыз аралығында қуыршақ театрының шығармашылық тобы мұсұлман халқының төл мейрамы, жаңа жылды қарсы алу «Қош келдің, Наурыз!» атты интермедияға дайындық жасауда.

Сонымен қатар, 10 наурыздан бастап қаланың балабақша мен мектеп балаларына «Қош келдің,Наурыз!» интермедиясымен қоса, «Айжан әжейдің ертегісі», «Дала желі не дейді», «Маңғыстау аңызы» спектакльдерін көрсетіледі.

Жарияланған күні: 27-02-2017

Қысты шығарым салу мейрамы

Үстіміздегі жылдың 20-25 ақпан аралығында орыс халқының дәстүрлі мерекелерінің бірі «Қысты шығарым салу мейрамы» атап өтілді.

Бұл мейрамды қалай тойлау керектігін қала балабақшалары мен мектептің

балаларына «Қыспен» қоштасып « Көктемді»қалай қарсы алу керектігі көрсетілді.

Жарияланған күні: 25-02-2017

3 бет. Барлығы: 4