www.motk.kz

Ақтау қаласы, 7 шағын аудан
«Балбобек» СО
Анықтама телефоны:
8 (7292) 51-75-95

2017 жыл наурыз айына арналған театр репертуары

04.03.2017г.

11 00, 12 00

«Айжан әжейдің ертегісі»

11. 03.2017г.

11 00, 12 00

«О чём рассказал степной ветер»

19.03.2017г.

11 00, 12 00

«Маңғыстау аңызы»

26.03.2017г.

11 00, 12 00

«Дос болайық»

 

Жарияланған күні: 24-02-2017  

 

Қуыршақ театрының туған күні

6 қаңтар күні қуыршақ театры  ұжымы  өзінің  36 жылдық туған күнін атап өтті. Осы  мерекеге орай ТҚОның «Құрмет грамотасы»  Ф.Атакеева, Н.Насырова, Б.Тустүкбекова, Н.Абельдаева сияқты  театр қызметкерлеріне табысталса,  ТҚО ның  «Алғыс хаты»Е.Бигашев,Т.Шайық, Э.Салихова мен Г.Момбектерге  табыс етілді. 

Жаңа 2017 жылмен құттықтаймын!

Құрметті әріптестер, серіктестер, достар!

Сіздерді Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының "Маңғыстау облыстық қуыршақ театры" МКҚК атынан Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа 2017 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!

Жаңа 2017 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!

Жарияланған күні: 31-12-2016

Маңғыстау облыстық қуыршақ театры Ақтау қ. Қарттар Үйінде болды

2016 ж. 5 мамыр күні Маңғыстау облыстық қуыршақ театры Ақтау қ. Қарттар Үйінде қонақта болды. "Насретдиннің алтын есегі" атты қайырымдылық қойылымын тарту етті.

 

Астана қаласында өткен Маңғыстау облысының мәдениет күндері

2015 жылдың 24 маусымында басталған Астана  қаласында Маңғыстау  облысының  мәдениет  күндері өткен болатын.Осыған орай Маңғыстау облыстық қуыршақ  театры Н.Насырованың «Дала желі не дейді» спектакльін 23 маусым күні ашылған Астана қуыршақ театрының  жаңа ғимаратында  Астана  қаласының  кішкентай көрермендеріне көрсетті. 

4 бет. Барлығы: 4